Республикада барлығы 3 504 адам дертке шалдықты.
Қазақстанда COVID-19 жұқтырған тағы 102 адам тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Вирус жұқтырғандардың басым бөлігі Алматыда - 79 адам.
Қалғандары Қазақстанның түрлі аймағынан:
Батыс Қазақстан облысы - 6,
Нұр-Сұлтан - 5,
Шығыс Қазақстан облысы - 3,
Түркістан облысы - 3,
Алматы облысы - 2,
Жамбыл облысы - 2,
Маңғыстау облысы - 1,
Шымкент - 1.
Осылайша елімізде барлығы 3504 адамнан COVID-19 табылды. 866 науқас жазылып шықты, жиырма бес адам қайтыс болды.


