"Сары" аймақта 3 өңір бар.
Коронавирустың таралуы бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы "қызыл" аймақта бес өңірдің тұрғанын көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
2021 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Қостанай және Маңғыстау облыстары.
"Жасыл" аймақта: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.


