Қанды оқиға Ақмола облысының курортты аймағында болған.
Фото: istockphoto.com
ERNUR.KZ. Ақмола облысы Щучинск қаласында ер адам азаматтық некеде болған бұрынғы әйелін ұрыс кезінде пышақтап өлтірген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Жергілікті полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың 11 ақпанында үйдегі жанжал кезінде еркек әйелдің бірнеше жерінен пышақ сұғып алған. Марқұм оқиға орнында тіл тартпай өлген.
«Қазір Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 1 тармағы, яғни, адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті ұсиалып, изоляторға қамалды», - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.