Қазақстанда тағы бір қала "сары" аймаққа өтті

0
525

Нұр-Сұлтан қаласы әлі де "қызыл" аймақта тұр.


Қазақстанда тағы бір қала

2021 жылғы 22 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Алматы қаласы коронавирус тарауы бойынша "сары" аймаққа көшті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған сәйкес:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы

Ал "сары" аймақта: Шымкент және Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр.

"Жасыл" аймақта: Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары орналасқан.

Еске салайық, кеше Шымкент қаласы "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа көшкен болатын.