Қазақстанда тағы үсік жүруі мүмкін

0
358

Еліміз бойынша күн райы құбылмалы болады.


Қазақстанда тағы үсік жүруі мүмкін

ERNUR.KZ. Синоптиктер 2023 жылғы 24-26 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, алдағы демалыс күндері республика аумағы атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, бұл ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайды, бұлттар найзағай ойнап, жаңбыр жаууына, дауыл соғуына себепкер болады, бұрақ жаууы мүмкін.

"26 маусымда солтүстікте, 24-25 маусымда шығыста, 24 және 26 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болжанды. 26 маусымға қараған түні еліміздің солтүстік-батысында топырақ бетінде -1 °C үсік жүреді", делінген хабарламада.

Синоптиктер температура фонында айтарлықтай өзгеріс болмайтынын айтты.