Қазақстанда театрлар мен музейлер үшін субсидия көлемі артты

0
785

10 мәдениет нысаны бойынша шығынның орнын толтыруға берілетін субсидия көлемі ұлғайтылды.


Қазақстанда театрлар мен музейлер үшін субсидия көлемі артты

ERNUR.KZ. Мәдениет және спорт министрлігі мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музей мен цирктерге субсидия төлеу қағидасына өзгерістер енгізді, деп жазады zakon.kz.

Атап айтқанда, 10 мәдениет нысаны бойынша шығынның орнын толтыруға берілетін субсидия көлемі ұлғайтылды.

  • Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры – 85-тен 90%-ға дейін.
  • М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры – 85-тен 90%-ға дейін.
  • М.Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театры – 70-тен 85%-ға дейін.
  • Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ балалар мен жасөспірімдер театры – 85-тен 87%-ға дейін.
  • Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры – 95-тен 97%-ға дейін.
  • Республикалық неміс драма театры – 95-тен 96%-ға дейін.
  • «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі – 90-95%.
  • ҚР Мемлекеттік академиялық би театры – 95-тен 97%-ға дейін.
  • Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы – 90-нан 93%-ға дейін.
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі – 90-95%.

Нысандардың толық тізімін мына жерден көре аласыз.

Бұйрық 2022 жылғы 14 тамыздан бастап күшіне енеді.