Қазақстанда теміржол вокзалы қоршауға алынды

0
1 168

Ақпаратты облыстық ПД баспасөз қызметі растады.


Қазақстанда теміржол вокзалы қоршауға алынды

ERNUR.KZ. Иесіз сөмке Қостанайдағы теміржол вокзалын қоршауға алуға мәжбүрледі, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық ПД баспасөз қызметі растады.

«Сағат 13.37-де облыс тұрғынынан вокзал маңындағы дүкеннің жанынан қара-көк түсті иесіз сөмкенің табылғаны туралы хабар келіп түсті. Мамандар тиісті шараларды жүргізу үшін вокзал аумағын қоршауға алды»,- деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Тексеру нәтижесінде сөмкенің иесі анықталды. Ішінде жеке тұтынуға арналған заттар болған.