Қазақстанда төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды

0
548

Қаулы 2024 жылғы 28 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді.


Қазақстанда төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды

ERNUR.KZ. Үкімет "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы" 2024 жылғы 28 маусымдағы қаулысын қабылдады, деп жазады zakon.kz.

Құжатта былай делінген:

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.

Осылайша, ТЖМ құрамына енді келесі ведомстволар кіреді:

  • Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер жөніндегі Комитет;
  • өртке қарсы қызмет Комитеті;
  • мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі Комитет;
  • өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті;
  • төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті.

ТЖМ жаңа ведомство орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға қатысты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелерінде бақылауды жүзеге асыратынын түсіндірді.

Жобаны іске асыру үшін 2024-2028 жылдар кезеңіне 1 млрд 638 млн 715 мың теңге мөлшерінде қосымша қаржылық шығындар қажет болады.

Қаулы 2024 жылғы 28 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді.