Астанада пәтер жалдау ақысы 22 пайыздай, Алматыда 11 пайыздай дерлік төмендеді.
ERNUR.KZ. Елімізде баспананы жалға беру бағасы біртіндеп төмендеп келе жатқаны байқалады. Теріс динамика қазан айының ортасында басталды, содан бері бағалар орта есеппен 20%-ға төмендеді, деп жазады zakon.kz.
Қазанның алғашқы екі аптасында тарифтер барынша өсті, деп жазды "Крыша". Баға көбінде Қазақстанның шекаралас қалаларында кеміген:
- Петропавлда – 41%;
- Ақтөбеде – 36%;
- Павлодар мен Оралда – 32%.
Ал қарбаласқа дейінгі кезеңде (1 қыркүйек) жалға беру ақысы орташа есеппен 25% жоғары күйінде қалып отыр.
Бүгін Астана мен Алматыда пәтерді жалға алу құны қыркүйек айымен салыстырғанда, сәйкесінше 28% және 33% дерлік жоғары.
Аптадағы, яғни 27 қазан – 3 қарашадағы өзгерістерге келетін болсақ, барлық дерлік қалаларда теріс үрдіс байқалды: Алматыда 3,6%, Астанада 4,6%. Ең жоғарысы Ақтөбе қаласында (-8,6%). Орта есеппен жалдау ақысы 3,8% төмендеді.