​Қазақстанда ТЖ салдарын жою бойынша кәсіби еріктілердің мобильді тобы құрылады

0
1 642

Қазіргі таңда 136 волонтерлік ұйым, оның ішінде 47 мыңнан астам волонтер ТЖМ құрылымдарымен белсенді ынтымақтастықта қызмет атқаруда.


​Қазақстанда ТЖ салдарын жою бойынша кәсіби еріктілердің мобильді тобы құрылады

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп кәсіби волонтерлердің мобильді тобын құруда. Қазір олар үшін төтенше жағдайлардың алдын алу мен зардаптарын жоюға өзара әрекеттесу, бірлесу алгоритмі әзірленуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда 136 волонтерлік ұйым, оның ішінде 47 мыңнан астам волонтер ТЖМ құрылымдарымен белсенді ынтымақтастықта қызмет атқаруда. Олар тұрақты дайындықтан өтіп отырады. Соңғы 3 жылда 3,5 мыңнан астам волонтер төтенше жағдайлар департаменттерінде арнайы оқуға қатысты.

Айта кетейік, волонтерлер елдің қоғамдық өміріне белсенді қатыса отырып, ұйымшылдық пен бірлікті талап ететін шаралардан тыс қалмайды.

Елімізде волонтерлік пен қайырымдылықты дамытудың айрықша мысалдарының бірі ретінде орман өрттерінен зардап шеккен Абай облысына көрсетілген көмекті айта аламыз.Ұлттық волонтерлер желісі өрттен қаза тапқан азаматтардың отбасына көмек көрсету үшін 224 млн.теңгеден астам қаражат жинады.

Ұлттық волонтерлер желісі Түркияға гуманитарлық көмек көрсету бойынша министрліктің үйлестіруімен орасан зор жұмыс атқарды. Нәтижесінде 500 тоннадан астам гуманитарлық көмек пен 150 киіз үй жөнелтілді. Қазақстандықтар AFAD қорына 10 миллионнан астам АҚШ долларын аударды.

Волонтерлер өрттің, газдың шығуының алдын алу, су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтау және т.б. алдын алу шараларына белсенді қатысады. Волонтерлер 2023 жылдың өзінде 1700-ден астам профилактикалық іс-шараға қатысты.