Қазақстанда ҰҚШҰ-ның "Шеп - 2026" оқу-жаттығуы басталды

0
134

Оқу-жаттығуға шамамен 1500 әскери қызметші және 300-ден астам қару-жарақ, әскери және арнайы техника, соның ішінде 115 ұшқышсыз ұшу аппараты қатысады.


Қазақстанда ҰҚШҰ-ның

фото: Пресс-служба Минобороны Казахстана

ERNUR.KZ. Жетісу облысындағы "Көктал" оқу-жаттығу полигонында Орталық Азия аймағының ұжымдық жедел орналастыру күштерімен бірлескен "Шеп - 2026" жаттығуы басталды, деп жазады sputnik.kz.

"Оқу-жаттығу барысында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскери қызметшілері бірлескен даярлық, басқару органдары мен ұлттық контингенттердің өзара іс-қимылы мәселелерін пысықтап жатыр", - делінген хабарламада.

Оқу-жаттығу 13-18 қыркүйек аралығында ҚР Қарулы күштері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы полковник Мақсұт Гусейновтің басшылығымен өтіп жатыр.

"Оған 1500-ге жуық әскери қызметші және 300-ден астам қару-жарақ, әскери және арнайы техника, оның ішінде 115 ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінде.
Практикалық жаттығулар таулы шөлді жерлерді ескере отырып өткізіліп, Шекара қызметі мен Қазақстан Ұлттық гвардиясының бөлімшелерімен ынтымақтастықты қамтиды.