Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады - Тоқаев

0
107

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында жаңа әрі маңызды ұсыныс айтты.


Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады - Тоқаев

Фото: Ақорда

ERNUR.KZ. Қазақстанда вице-президент лауазымы пайда болады, деп жазады tengrinews.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында жаңа әрі маңызды ұсыныс айтты.

"Әңгіме Қазақстан Республикасында вице-президент институтын құру және оны Конституцияда тиісті түрде бекіту туралы болып отыр. Вице-президентті Парламенттің қарапайым көпшілік дауысының келісімімен Президент тағайындайды. Оның өкілеттіктер аясын Мемлекет басшысы айқындайды", - деді Тоқаев.

Вице-президент Президенттің тапсырмасы бойынша:

  • халықаралық форумдарда және шет мемлекеттердің делегацияларымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді;
  • Парламентте Президенттің мүддесін таныстырады;
  • отандық және шетелдік қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Президенттің өзге де тапсырмаларын орындайды.