Қазақстанда запастағы 190 офицер әскери қызметке шақырылады

0
667

Қаулы 2022 жылдың 11 наурызында күшіне енеді.


Қазақстанда запастағы 190 офицер әскери қызметке шақырылады

ERNUR.KZ. Қазақстан үкіметі 2022 жылғы 24 ақпанда запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы қаулы қабылдады, деп жазады Zakon.kz.

«Әскери қызметке жарамды және оны өтемеген запастағы офицерлер 2022 жылы заңда белгіленген тәртіппен екі жыл мерзімге әскери қызметке шақырылсын, офицерлер құрамы лауазымдарына әскери қызмет өткерсін» – делінген құжатта.

Екі жылдық әскери қызметке запастағы 190 офицер шақырылады.

Соның ішінде:

Қарулы күштерге – 150 адам;

Шекара қызметіне – 40 адам.

Қаулы 2022 жылдың 11 наурызында күшіне енеді.