Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны өсіру үшін бюджеттен 800 млрд теңге алынады

0
227

​Оған себеп - қосымша құн салығының 12 пайыздан 16 пайызға дейін өсуі болып отыр.


Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны өсіру үшін бюджеттен 800 млрд теңге алынады

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. 2026 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыларға арналған индексация мөлшері бұрынғы жылдарға қарағанда жоғары болады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл өзгеріс қосылған құн салығының (ҚҚС) 12%-дан 16%-ға дейін ұлғаюына байланысты еніп отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Ержан Биржанов хабарлады.

Оның айтуынша, әлеуметтік төлемдердің өсуі инфляциялық әсерді жұмсартуға бағытталған.

«ҚҚС өсуін ескере отырып, индексация біршама жоғары болады», – деді Ержан Биржанов.

Мемлекет бұл мақсатқа бюджеттен 800 миллиард теңге қарастырмақ.