Қазақстанда жаңа құжат енгізіледі

0
1 240

Елімізде «Қазақтың картасы» деп аталатын жаңа құжат енгізілмек.


Қазақстанда жаңа құжат енгізіледі

ERNUR.KZ. Ол шетелдерде тұратын этностық қазақтарға арналады, деп жазады altaynews.kz.

Қазір әлемде «Поляк картасы», түріктердің «Көк картасы» деген құжаттар бар. Бұл туралы «Отандастар» қорының вице-президенті Мағауия Сарбасов мәлімдеген.

Оның айтуынша, картаның иесіне Қазақстан азаматының саяси құқықтан бөлек басқа барлық құқықтары беріледі екен.

Қазір елімізде қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы заң жобасының тұжырымдама жобасы әзірленіп, уәкілетті органдарға ұсынылып отыр. Болашақ заңнамаға сәйкес «Қазақ картасын» енгізу қарастырылған.

Карта шетелде жүрген қазақтарға Қазақстан аумағында еркін жүріп, бизнес жүргізуіне, меншік иесі болуға, жұмысқа тұруға, тегін білім алуға, медициналық көмек алуға мүмкіндік береді екен. Ал құжаттың пішіні жеке бас куәлігі тәріздес болады.