​Қазақстанда жанар-жағармай қымбаттайды

0
172

Мемлекет бензин бағасын реттеуден бас тартпақ.


​Қазақстанда жанар-жағармай қымбаттайды

Фото: Риа Новости

Энергетика министрлігі Қазақстанда бензин бағасын реттеуге негізделген бұйрықтың күшін жоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы құжат жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.

Министрліктің түсіндіруінше, Қазақстандағы бензин мен дизель отынының бағасы әлем бойынша ең төмен мәндерге ие.

"Мысалы, Қазақстанда АИ-92 бензинінің бағасы литріне 205 теңге, Ресей Федерациясында 288 теңге, Қырғызстанда 385 теңге, Өзбекстанда 489 теңгені құрайды. Қазақстанда дизель отыны литріне 295 теңге, Ресей Федерациясында 355 теңге, Қырғызстанда 427 теңге, Өзбекстанда 528 теңге тұрады. Осылайша, АИ-92 бензинінің бағасындағы айырмашылық 40%-дан 138%-ға дейін, дизель отынына 20%-дан 79%-ға дейін жетеді. Бұл тапшылықты, саланы жаңғыртудың мүмкін еместігін, отынды әртүрлі заңсыз схемалар арқылы шетелге әкетуді тудырады", – делінген министрліктің түсіндірме жазбасында.

Энергетика министрлігі енді жанар-жағармайға баға белгілеудің тұрақты моделі саясатын жүзеге асырмақ. Бұл саясат:

сұраныс пен ұсыныс арасындағы нарықтық теңгерімді құруға;

отын тапшылығын жоюға;

мұнай өңдеу саласын жаңғыртуды ынталандыруға;

жаңа жұмыс орындарын құруға;

ұзақ мерзімді инвестицияларды тартуға бағытталған.

"Азаматтардың мүдделерін қорғау үшін әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жалғасады, ал ауыл шаруашылығы өндірушілері ашық схемалар мен қолайлы бағалар бойынша дизель отынына кепілді қол жеткізе алады. Энергетика министрлігі мүдделі органдармен бірлесіп нарықтағы бақылауды күшейтеді, заңнаманың орындалуын және отынның ішкі нарыққа үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді", – деп уәде етті ведомство өкілдері.
Бөлісу