Сыртқы жарнама мәтіндерінде кететін қате түзеледі.
ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаттары палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста мемлекеттік тілдің рөлін одан әрі күшейтуге бағытталған заң жобасын мақұлдады, деп жазады Zakon.kz.
Түзетулер "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасымен енгізілген. Бұл заң жобасы сыртқы жарнама мәтіндері мен белгілерінің, басқа көрнекі ақпараттың мемлекеттік тілде дұрыс берілуіне және аудармасының түпнұсқалығына қосымша талаптарды белгілеуді көздейді.
Бүгінде мемлекеттік тіл мәселесі баршаны алаңдатады, олардың арасында біздің сайлаушылар жиі көтеретін мәселелердің бірі – көрнекі ақпарат мәтінінің қазақ тілінде сауатсыз ұсынылуы, ал кейбір жағдайларда тіпті ақпараттың болмауы. Осыны ескере отырып, нақты талап енгізілуде, атап айтқанда: әкімшілік-аумақтық бірліктердің, елді мекендердің құрамдас бөліктерінің, сондай-ақ басқа да физикалық-географиялық объектілердің дәстүрлі тарихи қалыптасқан қазақ атауларын мемлекеттік тілде жазуға, және мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері мен маңдайшаларын мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс және басқа да тілдерде жазуға бағытталған түзетулер енгізді. Бұл ретте, егер мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшаларында Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгілері пайдаланылған жағдайда, олар өзгермейтін түрде жазылады.Берік Әбдіғалиұлы
Депутат Берік Әбдіғалиұлы заң жобасына енгізілген бұл түзетулер қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттырады деген пікір білдірді.
Мен бұл түзетулер қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде барған сайын көтеріліп келе жатқан мемлекеттік тілдің мәртебесі мәселелерін шешуге бір қадам жақындатады деген үмітімді тағы да айтқым келеді. Біз бұл ұсыныстар әрбір азаматтың, әсіресе кәсіпкерлердің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді деп ойлаймыз.