Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ирандағы жағдайға байланысты қауіпсіздік мәселелері бойынша тапсырма берді

0
433

Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ирандағы жағдайға байланысты қауіпсіздік мәселелері бойынша тапсырма берді

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ирандағы жағдайға байланысты қауіпсіздік мәселелері бойынша тапсырма берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді. Үкіметте Сыртқы істер министрлігі жетекшілік жасайтын арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті. Өңір әкімдеріне Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды ескере отырып, шешім қабылдау тапсырылды.