Медициналық түсік жасатудың үштен бірі жүктіліктің ерте сатысында, яғни 12 аптаға дейін жүргізіледі екен.
иллюстарциялық фото: pro-life.by
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда жасанды түсік жасатқандар туралы статистиканы жариялады, - деп жазады Tengrinews.kz.Сауалхатқа берілген жауапқа қарағанда, 2017 жылы Қазақстанда 28 589 аборт жасалған. Қазақстанда жасанды түрде жүктілікті тоқтатудың жартысы 30 жастан асқан әйелдер мен одан жоғары жастағы әйелдерге қатысты.
Медициналық түсік жасатудың үштен бірі жүктіліктің ерте сатысында, яғни 12 аптаға дейін жүргізіледі екен.
Статистикаға сүйенер болсақ, аборттың ең көбі Алматыда (3720), Астанада (3238) және Қарағанды облысында (2810) жасалады. Ал аборттың ең азы еліміздің батыс бөлігінде. 2017 жылғы санақ бойынша, Атырау облысында 222 түсік жасалса, БҚО-да - 392 және Маңғыстау облысында 359. Бұдан басқа, ведомство бөлімінде медициналық сараптау бойынша, бала көтеруге денсаулығы болмаған жағдайда жасалатын аборттардың үлесі 5-6 пайыз ғана екен.