Қазақстанда Жер ресурстарын басқару аумақтық департаменттері құрылды

0
649

Жерлерді жекеменшікке беруге мораторийдің қолданылу мерзімін 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылады.


Қазақстанда Жер ресурстарын басқару аумақтық департаменттері құрылды

ERNUR.KZ. Премьер-министр Әлихан Смайылов Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық департаменттерін құру жөніндегі үкімет қаулысына қол қойды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Аталған комитеттің төрағасы Мұрат Теміржановтың айтуынша, жерлерін пайдалану және қорғау бойынша бірыңғай вертикалды қалпына келтірудің бірінші кезеңі аяқталды.

«Жер қатынастары саласында жинақталған проблемаларды шешу үшін кезекті қадам жасалғанына сенімдімін», - деді ол.

Айта кетерлігі, 1 қаңтарда Жер комиссиясы ұсынған түзетулер күшіне енді. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңда:

  • Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жекеменшікке беруге мораторийдің қолданылу мерзімін 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту;
  • Халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында жергілікті жағдайларды ескере отырып, елді мекендердің жайылымдық алқаптарының шекараларын айқындау;
  • Ауыл шаруашылығы жерлерінен «бау-бақша» және «саяжай құрылысына» нысаналы мақсатын өзгертуге тыйым салу.
  • Берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы қосымша мәліметтерді мемлекеттік жер кадастрының интернет-ресурсында ашық қолжетімділікте орналастыру.
  • Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетке жерді пайдалану мен қорғауды әкімдіктерден мемлекеттік бақылау функцияларын қайтару мәлесесі қамтылған.