​Қазақстанда жер сілкінісі болатынын ертерек анықтап, хабарлауға жасанды интеллект көмектеседі

0
550

Табиғи және геологиялық жағдайлардың алуан түрлілігіне байланысты Қазақстан аумағы табиғи апаттардың көпшілігіне бейім.


​Қазақстанда жер сілкінісі болатынын ертерек анықтап, хабарлауға жасанды интеллект көмектеседі

ERNUR.KZ. Калининградта Қазақстан, Беларусь Ресей төтенше жағдай министрліктерінің бірлескен алқасында «ХХІ ғасырдыің цифрлық сейсмологиясы» бағдарламасы таныстырылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Табиғи және геологиялық жағдайлардың алуан түрлілігіне байланысты Қазақстан аумағы табиғи апаттардың көпшілігіне бейім.

Оның бірі - жер сілкінісі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жойқын жер сілкінісі көшкін, сел, өрт, эпидемия сияқты қайталама қауіпті құбылыстар мен процестердің кең ауқымын тудырады.

Мұнда көп нәрсе уақтылы және сенімді сейсмикалық болжамға, халықты ерте хабардар ету жүйесіне, басқару органдары мен халықтың төтенше жағдайда әрекет етуге дайындығына, ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық іс-шаралар кешеніне байланысты.

Қазақстанда сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы жұмысты жақсарту жөніндегі жүйелі шараларды әзірлеу үшін 2021 жылы 2023 жылға дейінгі «Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар кешені» жол картасы әзірленді.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қазіргі сейсмология ғылымы енді цифрлық технологиясыз жұмыс жасай алмайды.

Осыған байланысты Қазақстан ТЖМ сейсмология институтымен бірлесіп осы салада цифрландыруды енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

«Қазақстан аумағының 40% сейсмикалық қауіпті аймақта және 30% техногендік қауіп-қатерге бейім аймақта орналасқан. Бұл 400-ден астам қалалар мен елді мекендер, онда тұрақты халық саны 10 миллионнан асады. Өнеркәсіптік әлеуеттің 40% және экономика объектілерінің 50% жоғарыда аталған алаңдарда орналасқан. ТЖМ іргелі және қолданбалы жұмыстарды цифрлық технологияларға жаһандық көшіруді жоспарлап отыр. Оған қауіптің барлық түрін мониторингілеу және алдын алудың цифрлық жобалары, сейсмология саласындағы жасанды интеллектпен жұмыс кіреді. Осылайша институт цифрлық сейсмикалық технологиялардың халықаралық хабына айналады. Біз ведомствоаралық дағдарыс орталығын құруға кірісуге дайынбыз», - дейді ТЖ алдын алу департаментінің бастығы Рүстембек Амрин.

Оның айтуынша, қолданбалы цифрлық жоба мыналарды қамтиды:

- Адам қатыспайтын жер сілкінісін бақылайтын цифрлық станциялар;

- Институттың деректер орталығында цифрлық сейсмикалық деректерді жинау және өңдеу;

- Республика өңірлері арасындағы цифрлық ерте хабарлау жүйесі;

- Қауіптің барлық түрін цифрлық модельдеу;

- Сыни объектілерді белсенді түрде ажырата отырып, ведомствоаралық дағдарыс орталығын құру.

Цифрлық сейсмикалық технологиялардың халықаралық хабына мыналар кіреді:

- ХХ ғасырдың жинақталған сейсмикалық білімі негізінде деректер орталығын құру;

- ХХ ғасыр әдістерінен ХХІ ғасырдың цифрлық алгоритмдеріне көшу;

- Цифрлық сейсмодеректер негізінде жаңа ғылыми әдістерді әзірлеу.