Қазіргі ережелер бойынша, елдімекендерде көлік жылдамдығы 60-тан, қала сыртындағы трассаларда 90-нан аспауы тиіс.
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрлігінде "Автокөлік арқылы жолаушылар тасымалындағы жол қозғалысы қауіпсіздігінің жағдайы туралы" тақырыбында брифинг өтті, деп жазады Zakon.kz.
Жолаушылар тасымалындағы қауіпсіздікті арттырудың бірі ретінде жылдамдықты шектеу қарастырылуда.
– Ішкі істер министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жол картасының жобасын әзірледі. Бірқатар кешенді шаралар қарастырылуда. Оның ішінде ескі автобустарды пайдалануды шектеп, автобустар паркін жаңарту бар. Қазір Қазақстанда 90 мыңнан астам ескі автобус тіркелген... ...Тасымалдаушыларға қойылатын біліктілік талаптарын күшейту. Сонымен бірге автобустардың елдімекендер аумағындағы жылдамдығын сағатына 50 шақырымға дейін шектеу, ал қала сыртында 80-ге дейін шектеу көзделген, – деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мақсат Байболов.