Қазақстанда жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар 10,4%-ды құраған

0
2 060

2017-жылы Қазақстан экономикасының әр түрлі салаларында 8,6 млн. адам немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 66,3% жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі 51,9 (4,5 млн. адам) – ерлер, 48,1% (4,1 млн. адам) – әйелдер. ERNUR.KZ economy.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

2017-жылы жалдамалы қызметкерлердің саны 6,5 млн. адамды немесе жалпы жұмыспен қамтылған халықтың санынан 75,5%-ды құрады. Жұмыспен қамтылғандардың арасында өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлердің, яғни жалданылмай жұмыспен қамтылғандардың саны 2,1 млн. адам 24,5% құрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлердің жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 89,6% (2016 жылы – 86,4%), жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 10,4% (2016 жылы – 13,6%) құрады.

Жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады. Жұмыссыздар ішіндегі ерлердің үлесі 46,4%, әйелдердің үлесі –53,6%.

15-28 жастағы жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,9% құрады.

2015-2017 жылдары Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының индикаторлары

Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты Әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2017 жылдың соңына 70,3 мың жұмыссыздар ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің 0,8%-ын (2016-жылы – 0,4%) құрады.

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес.

Жұмыспен қамтылған халық –бір аптаға тең белгілі бір қысқа кезең ішінде келесі: «жалдамалы (ақы төленетін) қызметкер» немесе «өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкер» санаттарының біріне жатқызылған тұлғалар.

Жұмыссыздар (ХЕҰ стандартына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.