Қазақстандағы ақылы жолдарда жаңа төлем енгізіледі

0
163

Құжат "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" сайтында 26 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға қойылған.


Қазақстандағы ақылы жолдарда жаңа төлем енгізіледі

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Көлік министрлігі республикалық мәні бар ақылы автожолдарда (жол учаскелерінде) жүру үшін төлем жинау ережесіне өзгерістерді әзірледі, деп жазады zakon.kz.

Құжаттан көрініп тұрғандай, дифференцияланған төлемді енгізу транзиттік шетелдік пайдаланушылардан туындайтын қосымша жүктемелерге байланысты автожолдарды күтіп ұстау және қалпына келтіру шығындарын өтеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, түзетулер Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғауға және халықаралық көлік қатынастарында өзара теңдік принципін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қосымша түсетін қаражат жол инфрақұрылымын дамытуға және оны күтіп ұстауға бағытталуы ұсынылады.

Көлік министрлігінде атап өткендей, бұл норма ЕАЭО елдеріне, Қазақстанның резиденттеріне және үкіметаралық келісімдерде ақылы жолдар үшін төлем шарттары қарастырылмаған елдерге қолданылмайды.

Күтілгендей, өзгерістер 2026 жылдың наурызынан бастап күшіне енеді.

Құжат "Ашық нормативтік-құқықтық актілер" сайтында 26 ақпанға дейін қоғамдық талқылауға қойылған.