Бұған дейін желтоқсан мен қаңтар айларының екінші жартысында Алексей Цой Қазақстанда COVID-19 ауруының кезекті шыңы болатынын айтқан.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов елімізде COVID-19 пандемиясының өршуі басталатынын айтты, деп жазады Stan.kz.
Бұған дейін ол республикадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп айтқан еді.
"Аурудың өршуін біз қай кезеңге болжаймыз? Ағымдағы жағдай көрсетіп отырғандай, оқиғалар оптимистік болжам бойынша дамуда. Осыған сәйкес біз апта сайын болжамды деректерімізді қарастырамыз. Бұл жағдайдың дамуы немесе пессимистік болжам бойынша нашарлау жағдайында, болжам жасауға болады. Аурудың шыңы қаңтар айының соңында, ақпанда болады", - деді Ерлан Қиясов.
Қараша айында денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой пессимистік болжам бойынша желтоқсан мен қаңтар айларының екінші жартысында Қазақстанда COVID-19 ауруының кезекті шыңы болатынын айтты.


