Қазақстандағы мешіттерге ахун-ишандардың есімдері берілетін болды

0
126

Биыл мүфтияттың құрылғанына 35 жыл толған.


Қазақстандағы мешіттерге ахун-ишандардың есімдері берілетін болды

Фото: ҚМДБ ресми сайты

ERNUR.KZ. Енді Қазақстандағы мешіттерге алаш қайраткерлері мен ахун-ишандардың есімдері беріледі. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Мүфтияттың ресми сайтындағы ақпарат сүйенсек, бұл ҚМБД-ның 35 жылдығы аясындағы шаралардың бірі.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай айтулы мерейтойдың мәнін арттыру мақсатында қазақ даласынан шыққан әулие, ғұлама, батыр, алаш қайраткерлері мен ахун-ишандардың есімін мешіттерге береміз», - деген өз сөзінде мүфтият төрағасы.