Қазақстандағы такси қызметі ТМД арасында ең қымбат болып тұр

0
168

ТМД аясында Астана мен Алматы тек бір ғана қалаға – Санкт-Петербургке жол берген. Онда тариф Астанадан сәл жоғары – 0,76 доллар/км.


Қазақстандағы такси қызметі ТМД арасында ең қымбат болып тұр

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 8 маусымдағы Numbeo дерегіне сәйкес, такси бағасы бойынша Қазақстан әлем елдерінің ішінде 124 мемлекеттің арасынан 87-орынға жайғасты. Елде 1 шақырым жол үшін орташа есеппен 0,78 АҚШ доллары төленеді. Бұл – ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш, деп жазады baq.kz.

Басқа ТМД елдеріндегі жағдай мынадай:

  • Әзірбайжан – 0,59 доллар/км
  • Ресей – 0,45 доллар/км
  • Украина* – 0,36 доллар/км
  • Армения және Беларусь – 0,33 доллар/км
  • Тәжікстан мен Өзбекстан – 0,3 доллар/км
  • Молдова – 0,29 доллар/км
  • Қырғызстан – 0,23 доллар/км.

Әлем бойынша ең қымбат такси қызметі Швейцария, Люксембург және Бахрейнде болса, ең арзаны — Қырғызстан, Филиппин және Молдова елдерінде.

Қазақстан қалалары бойынша бағаларға тоқталсақ. Жағдай келесідей:

  • Алматыда такси бағасы – 0,69 доллар/км (дүниежүзінде 168 қаланың ішінде 111-орын)
  • Астанада – 0,74 доллар/км (102-орын).

ТМД аясында Астана мен Алматы тек бір ғана қалаға – Санкт-Петербургке жол берген. Онда тариф Астанадан сәл жоғары – 0,76 доллар/км.

Әлемдегі ең қымбат қалалар: Цюрих, Лондон, Тирана.

Ең арзаны – Үндістандағы Сурат пен Бхубанешвар, сондай-ақ Украинадағы Харьков.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылдың мамыр айында такси қызметінің бағасы бір айда 1,8%-ға, ал бір жыл ішінде 10%-ға өскен.

Аймақ бойынша айырмашылықтар:

Мамырдағы баға өсіміне тек екі өңір әсер еткен. Атап айтқанда, Алматыда баға бір айда бірден 13%-ға, ал Жамбыл облысында – 2%-ға өсті.

Қалған өңірлерде айлық өзгеріс болмаған.

Жылдық көрсеткіш бойынша, 20 өңірдің 13-інде такси бағасы қымбаттаған.

Ең жоғары өсім:

  • Шымкент – 37,6%
  • Түркістан облысы – 23,8%
  • Алматы – 18,4%
  • Ең аз өсім – Қызылорда облысында – 2,8%.

Сонымен қатар такси жолаушыларының саны да күрт артқан.

2025 жылдың қаңтар-сәуір айларында такси арқылы 43,9 млн жолаушы тасымалданған — бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97%-ға көп.

Ең көп жолаушы тасымалданған өңірлер:

  • Алматы – 8,3 млн адам
  • Астана – 6,5 млн адам
  • Алматы облысы – 2,9 млн адам.

Ең аз көрсеткіштер – Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында.

Жолаушылар айналымы да 52,5%-ға өсіп, 843,4 млн жолаушы-шақырымға жеткен.