Қазақстандағы туыстарына қонаққа келген шетел азаматы жоғалып кетті

0
358

Ер адам үш аптадан бері іздестіріліп жатыр.


Қазақстандағы туыстарына қонаққа келген шетел азаматы жоғалып кетті

ERNUR.KZ. Ақмола облысында жоғалып кеткен Өзбекстан азаматы үш аптадан бері іздестіріліп жатыр. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-дағы парақшасында жазды, деп жазады inbusiness.kz.

1972 жылы туған Рахманқұлов Құлмахамбет Әбдухалилұлы 2023 жылғы желтоқсанда Астанадан Біржан сал ауданы, Краснофлотское ауылындағы туыстарына қонаққа барған. Содан кейін байланыс үзілген.

Жоғалған ер адамның қайда екені әзірше белгісіз. Жоғалған күні: 20.01.2024 ж.

Хабар-ошарсыз кеткен адамды көрген-білген адамдар +7 775 337 77 50, +7 705 544 12 57 немесе 102 телефондарына хабарласа алады.