Қазақстандағы ұялы байланыс нарығына жаңа оператор қосылуы мүмкін

0
580

Қазіргі кезде екі оператор ғана ұялы байланыс қызметтерін ұсынып отыр.


Қазақстандағы ұялы байланыс нарығына жаңа оператор қосылуы мүмкін

ERNUR.KZ. «Қазақтелеком» құрамынан бір ұялы байланыс нарығы шығарылмақ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында тілшілер министрден ұялы байланыс операторлары интернет тарифтерін неге көтеріп жатқанын сұрады.

«Бәскелестік орта әділетті тарифтер мен сапала интернетті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сондықтан министрлік құзырлы орган ретінде тиісті заңдарды даярлауы керек. Яғни депутаттармен талқылап, сол заңдарды қабылдау маңызды болып тұр. Осы орайда әділетті тариф болатынына сенемін», - деді Б. Мусин.

Оның айтуынша, қазіргі кезде екі оператор ғана ұялы байланыс қызметтерін ұсынып отыр.

«Монополиясыздандыру комиссиясында да осы мәселені көтердім. Біздің нарыққа басқа да операторларды кіргізу керек. Сондықтан Үкімет басшысының деңгейінде бұл мәселені талқылып, «Қазақтелеком» мен «Самұрық-Қазынаға» тиісті іс-шараларды пысықтауды талап ретінде қойдық. Яғни, бір операторды «Қазақтелекомның» ішінен шығарып, нарықтық ортада басқа бизнесмендерге беру керек екенін айтып отырмыз. Олар бұл бағытта жұмыс істеп жатыр. Келер жылдың басында өтетін комиссия отырысында атқарып жатқан жұмыстарын баяндайтын болады», - деді министр.