Қазақстандық 18 жастағы хоккейші қайтыс болды

0
882

18 жастағы қақпашыдан қатерлі ісік – Юинг саркомасы анықталған.


Қазақстандық 18 жастағы хоккейші қайтыс болды

ERNUR.KZ. Елордалық "Снежные барсы" хоккей клубының ойыншысы Вилен Прокофьев көз жұмды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы "Барыс" хоккей клубы Facebook желісіндегі ресми парақшасында жария етті.
"Біз Виленнің жақындарына, достарына және оны таныған адамдарға көңіл айтамыз. Оны қолдағандарға алғыс білдіреміз", - деп жазды спорт ұжымының өкілдері.
Осыған дейін 18 жастағы қақпашы Вилен Прокофьевте қатерлі ісік – Юинг саркомасы анықталған.