Қазақстандық оқытушылар 2015 жылдан бері Швеция, Испания, Польша, Чехия және Литва елдерінде курстар жүргізген.
ERNUR.KZ. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 34 профессоры Еуропада дәріс оқыды, деп жазады baq.kz.
«Еуропалық одақтың «Еrasmus+» білім беру бағдарламасы аясында оқытушылар 2015 жылдан бері Швеция, Испания, Польша, Чехия және Литва елдерінде курстар жүргізді», - делінген хабарламада.
Еуропалық білім беру үрдісі аясында ПМУ оқытушылары экономика, тарих, биология, агрономия, педагогика, лингвистика және ақпараттық технологиялар бойынша салалық тақырыптарда тәжірибелерімен бөлісті.