Қазақстандық актер Қытайда өткен кинофестивальде үздік деп танылды

0
139


Қазақстандық актер Қытайда өткен кинофестивальде үздік деп танылды

ERNUR.KZ. Қытайдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің кинофестивалінде қазақстандық актер "Үздік актер" жүлдесін иеленді, деп жазады sputnik.kz.

Бақыт Қажыбаевқа осы жүлде "Набат операциясы" фильміндегі басты рөлі үшін табысталып отыр.

"Бұл – тек менің ғана емес, фильмге жан-тәнімен еңбек сіңірген бүкіл шығармашылық топтың жеңісі", - дейді Қажыбаев.

"Набат операциясы" фильмі 1992 жылы Қазақстанда болған шынайы оқиғаға негізделген. Сол кезде автобустағы 30 адамды кепілге алған лаңкестерге қарсы құқық қорғау органдарының арнайы операциясы сәтті аяқталады.
Фильм Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында мәдениет және ақпарат министрлігі мен ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілді.
Айта кетері, биылғы кинофестивальге қатысушы мемлекеттер екі толықметражды фильмнен ұсынды. Қазақстандық режиссер Дархан Төлегеновтің "Ағайындылар" драмасы да арнайы бағдарлама аясында көрсетілді.
Фестиваль аясында кинонарық та ұйымдастырылды. Онда 25-тен астам қазақстандық көркем, деректі және анимациялық фильмнің трейлерлері көрсетілді.