Қазақстандық анимациялық фильм Түркияда үздік деп танылды

0
2 387

Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 240-тан аса фильм ұсынылды.


Қазақстандық анимациялық фильм Түркияда үздік деп танылды

ERNUR.KZ. Maqpalsher жобасының «Ауа» қысқаметражды анимациялық фильмі Түркияда өткен «Best Istanbul Film Festival» фестивалінде «Best Animation Short Film» номинациясында үздік деп танылды, деп жазады baq.kz.

2D анимация техникасындағы ең үздік қысқаметражды анимациялық фильм үшін марапат Стамбулдағы фестивальдің қазылар алқасының қорытындысы бойынша режиссер Дильшат Рахматуллинге берілді. Онда әлемнің 24-тен астам елінен 240-тан астам фильм ұсынылды.

"Біз үшін бұл жоба авторы Мақпал Жұмабай қойған мақсатты техникалық және көркемдік тұрғыдан көрерменге жеткізе алғанымыздың абыройы мен маңызды көрсеткіші. Біз Maqpalsher және Dala Animation командаларының сенімі мен баға жетпес тәжірибесі үшін ризамыз. Жаңа шыңдар мен шығармашылық көкжиектерді бағындыруды тілейміз. Bestistanbulff фестиваліне шабыт пен әлемнің түкпір-түкпірінен келген шығармашылық адамдармен тәжірибе алмасу және қатысу мүмкіндігі үшін ерекше алғыс білдіремін", - деді ол.