Қазақстандық депутат коронавирус салдарынан көз жұмды

0
713

Қатауолла Ашығалиев 2016 жылы республикалық жер комиссиясының құрамына Батыс Қазақстан облысынан кірген


Қазақстандық депутат коронавирус салдарынан көз жұмды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Оралда мәслихат депутаты Қатауолла Ашығалиев 73 жасында коронавирустық пневмониядан қайтыс болды, деп жазады sputnik.kz.

Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ол соңғы төрт күнде облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімінде жатты. 23 сәуір түнде қайтыс болды.

Қатауолла Ашығалиев 1948 жылы 26 ақпанда туған.

1986-1992 жылдары Орал қаласы атқару комитеті төрағасының орынбасары болды.

1993-1994 жылдары Орал қаласының әкімі қызметін атқарды.

1995 жылы шағын шаруа қожалығын ашты.

2016 жылы Батыс Қазақстан облысынан республикалық жер комиссиясының құрамына кірді.

Ол облыстық мәслихаттың 5, 6 және 7 шақырылым депутаты болған.