Қазақстандық диқандар егін жинау науқанын бір айға ерте аяқтады

0
871

​Республика бойынша егін жинау алқабы 15,8 миллион гектарды құрады. Гектарына 12,8 центнер орташа өнімділікпен 20,1 миллион тонна астық бастырылды.


Қазақстандық диқандар егін жинау науқанын бір айға ерте аяқтады

ERNUR.KZ. Қазақстанда егін жинау жұмыстары 99 процентке аяқталды. Қазір майлы дақылдар жиналып жатыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

"Егін жинау науқаны өткен жылға қарағанда бір айға ерте аяқталғанын атап өту керек. Бұған қолайлы ауа райы мен шаруалардың техникалық дайындығы ықпал етті", - деді Омаров үкімет отырысында.

Айтуынша, бүгінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 99,4%-і жиналған. Әкімдіктердің жедел мәліметі бойынша майлы дақылдарды жинау жалғасуда.

Республика бойынша егін жинау алқабы 15,8 миллион гектарды құрады. Гектарына 12,8 центнер орташа өнімділікпен 20,1 миллион тонна астық бастырылды.

"Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың жиналған көлемі елдің ішкі қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге және 7-8 миллион тонна астық көлемінде экспорттық әлеуетті іске асыруға мүмкіндік береді", - деді министр.

Ол былтырғы жылмен салыстырғанда элеваторларға 1 миллион тоннаға артық астық әкелінгенін атап өтті. Астықтың 80%-інің сапалық сипаттамасы жоғары, 2019 жылы бұл көрсеткіш 54,4%-ке тең еді.