Қазақстандық домбырашылар 72 ел қатысқан байқауда алтын медаль жеңіп алды

0
1 717

Домбырашылар дуэті Құрманғазы мен Нұрғиса Тілендиевтің күйлерін шертіп, қазіргі заман композиторларының туындыларынан попурри орындады.


Қазақстандық домбырашылар 72 ел қатысқан байқауда алтын медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Қазақстандық екі домбырашы Ұлыбританияда өтіп жатқан Golden Time Talent таланттар шоуының гранд-финалына өтті, деп жазады Stan.kz.

Темірлан Олжабаев пен Ернат Наурыз құрған дуэт АҚШ-тағы Халықаралық байқауда алтын медаль жеңіп алған. Кейін оларды Golden Time Talent ұйымдастырушылары ақпан айының аяғына қарай оларды өз конкурстарының ақтық сынына қатысуға шақырған.

Шоудың финалында қазақстандық домбырашылар Құрманғазы мен Нұрғиса Тілендиевтің күйлерін шертіп, қазіргі заман композиторларының туындыларынан попурри орындады.

Пандемияға байланысты барлық финалистер студияға ұсынатын жұмыстарын қашықтан жолдауға мәжбүр болған. Қазылар да гранд-финалға қатысушыларды онлайн режимде іріктеді. Солардың арасында қазақстандық дуэт те бар.


"Әлемдік байқауда Hollywood төріне қазақтың қара домбырасын алып шығып, 72 ел қатысқан додада екі турды артқа тастап, финалда өнер көрсетіп өз номинациямызда алтын медальге ие болдық! Құтты болсын, Қазақстан!", - деді Темірлан Олжабаев өзінің инстаграм парақшасында.


Шоудың грант-финалы 23-27 мамыр аралығында өткізу жоспарлануда.