Қазақстандық әйел өгей қызын Түркияда жалғыз қалдырып кеткен

0
520

Қыздың әкесі қазір Түркияда оқшаулау бөлмесіне жатқызылған.


Қазақстандық әйел өгей қызын Түркияда жалғыз қалдырып кеткен

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Қазақстандық әйел 15 жасар қыздың – азаматтық күйеуінің қызының төлқұжатын жоғалтып алған. Содан соң қызды Түркияның Анталия әуежайында қалдырып өзі Қазақстанға ұшып келген, деп жазады Stan.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Қазақстанның Түркиядағы елшілігі қызбен байланыста отыр. Бұл мәселе толық бақылауда", – деді министрлік.

Қыздың анасы Асыл Несікпаева болған оқиға туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

"Менің қызым мен бұрынғы күйеуімнің отбасы Түркияға демалуға бармақшы болған. Сенімхат күйеуімнің жұбайына жазылды, себебі олар бір күн бұрын, 5 тамыздан 6 тамызға қараған күні ұшып кететін болды. Бұрынғы жұбайым екі күннен кейін ұшуы керек болған. Мен сенімхат жазып беріп, бала аман-есен ұшып кетті. Бірақ Қазақстанға қайта оралуы мүмкін болмады. Қазір сағат 10:30-да ол маған қоңырау шалып, әуежайда қалғанын айтты. Бұрынғы жұбайымның әйелі төлқұжатын жоғалтып алған. Ол балаға төлқұжатының жоғалғаны туралы тек әуежайға барар жолда айтқан, қазір нақты айта алмаймын. Бірақ қонақүйде болған кезде ол балаға ештеңе айтпаған. Бұл жағдайдың бәрі әуежайда айқын болған. Нәтижесінде ол баланы тастап, өзі қайта ұшып кетеді. Бұрынғы күйеуімнің әйелі қазір Қазақстанға ұшып келеді, бұл уақытта менің балам Түркияда жалғыз қалды", – дейді қыздың анасы.

Қыздың әкесі қазір Түркияда оқшаулау бөлмесіне жатқызылған. Ұшар алдында оның коронавирусқа ПТР тесті оң нәтиже көрсеткен.

"Сенімхат өгей анаға, бұрынғы күйеуімнің әйеліне жазылған. Сондықтан ол жауапкершілікті сезінуі қажет еді. Оның өзге елде баланы жалғыз тастап кетуіне қақысы жоқ. Туроператор маған егер төлқұжат жоғалса, сенімхат берілген қамқоршы тур агенттіктің өкіліне хабарлауы тиіс екенін түсіндірді, ал олар өз кезегінде елшілікке хабар береді. Әкесімен де байланыс жоқ. Олар азаматтық некеге тұрған. Бұл әйелдің өзі балаларды балабақшаға қабылдауды басқарады. 15 жасар баланы шет елдегі әуежайға тастап кеткен адам балаларға қалай қарайтынын түсіне алаймын. Тіпті мені анасы ретінде хабардар еткен жоқ", – деген қыздың анасы ренішін осылай білдірді.