Өндірістік кооператив басшысы 2019 жылғы мамырдан 2020 жылғы наурызға дейінгі аралықта жалған құжаттарды пайдаланып, сүт өнімдерін өңдеуге бөлінген 50 миллион теңгеден аса субсидияны заңсыз алған.
Фото:depositphotos.com
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі басшысы 50 миллион теңгеден аса субсидияны заңсыз алғаны анықталды, деп жазады tengrinews.kz.
Өндірістік кооператив басшысы 2019 жылғы мамырдан 2020 жылғы наурызға дейінгі аралықта жалған құжаттарды пайдаланып, сүт өнімдерін өңдеуге бөлінген 50 миллион теңгеден аса субсидияны заңсыз алған.
"Өндірістік шығындарды растау үшін ауыл шаруашылығы басқармасына жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алғаны үшін өзара есеп айырысу туралы жалған құжаттар және май өндірісі туралы қасақана жалған ақпараттар беріп келген. Нәтижесінде сот сүт жеткізу мәмілелерін заңсыз деп таныды", - деп жазылған хабарламада.
Қаржылық тергеу нәтижесінде заңсыз алынған субсидияларға күдікті TOYOTA LAND CRUISER PRADO 150 маркалы көлік сатып алғаны анықталды, ол мұны жасыру мақсатында сенімді адамға рәсімдеген.