Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз алғаш рет жеңілді

0
508

26 жастағы Ангелина Лукас кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліс тапты.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз алғаш рет жеңілді

ERNUR.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (5-1, 2 КО) жеңіл салмақта WBC Silver чемпиондық белбеуі үшін өткен жекпе-жекте жеңіліп қалды. Ол Ыстанбұлдағы бокс кешінде чилилік Даниэле Асенхоға (15-3-3, 2 КО) жол берді, деп жазады vesti.kz.

26 жастағы Ангелина Лукас кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліс тапты. 10 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасып, төрешілер шешімімен Асенхо жеңіске жетті. Ол мансабындағы 15-ші жеңісіне қол жеткізіп, бос тұрған WBC Silver белбеуін иеленді.

Жеңімпазды анықтар сәтте бірінші Ангелинаның қолын көтерген. Кейіннен қарсыласын жеңімпаз деп таныды.

Жекпе-жек аяқталғаннан кейін төрешілер 1 мен 7-раундтар нәтижесінде менің қолымды көтерген. Алайда рефери супервайзерге қарап, оның сөзінен кейін қарсыласымның қолын көтерді. Кездесу аяқталған соң барлық төреші есептеулері өзгертілген, - дейді Лукас Instagram парақшасында.