Маусымда елімізде 11,8 мыңнан аса жаңа көлік сатылған.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Қазақстандық автобизнес қауымдастығы мәлім етті, деп жазады Ulysmedia.kz.
"Ресейден жаңа машиналарды жеткізудегі іркілістер аясында маусым айныда отандық көліктердің жалпы сатылымдағы үлесі 83,5% - ға дейін өсті, ал сандық мәнде сату көрсеткіші 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 9,2% - ға артты", - деп хабарлады қауымдастық.
Брендтер арасында маусым айында Chevrolet rкөліктері ең көп сатылды – 4,1 мың бірлік (өткен жылдың маусымымен салыстырғанда+35%). Hyundai көліктерінің 2,5 мың бірлігі (+29,9%) сатылды, Kia автомобильдері сатылым көлемі бойынша үшінші орында – 1,3 мың бірлік (-10,4%). LADA дилерлері 1,1 мың автокөлік сатты (+8%). Ең көп сатылатын брендтердің бестігін Toyota түйіндеді – 756 бірлік (-45,6%). Бұдан әрі тізім бойынша: Lexus (333 бірлік; +120,5%), Chery (312 бірлік), Jac (306 бірлік), Exeed (133 бірлік) және Renault (66 бірлік) көліктері.
Маусым айында жаңа автокөліктерге сұраныс Алматы (3 007 Бірлік), Нұр-Сұлтан (2 474 бірлік) және Шымкент (1 393 бірлік) қалаларында жоғары болды. Сондай-ақ, Қарағанды (810 бірлік), Қостанай (712 бірлік), Өскемен (460 бірлік), Ақтөбе (431 бірлік), Павлодар (369 бірлік), Ақтау (335 бірлік) және Орал (324 бірлік) тұрғындары тарапынан сұраныс артты.