Қазақстандық қыз Қытайда үздік студент атанды

0
2 588

Жаннұр Ниязбекова 1990 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.


Қазақстандық қыз Қытайда үздік студент атанды

ERNUR.KZ. Қазақстандық Жаннұр Ниязбекова Қытайдағы Үздік студент атағына ие болды. Бұл туралы арудың өзі әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Жаннұр Ниязбекова 1990 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол Қытайда, солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінде (Northwest A&F University) ветеринарлық медицина мамандығы бойынша докторантурада оқиды.

"Үш ай бұрын мен сіздерге Қытайдағы президенттік стипендияның иегері атанғанымды хабарладым. Енді тағы бір қуанышты жаңалықпен бөліскім келеді. Мен "Қытайдың үздік студенті атандым", - деп жазды Ниязбекова парақшасында.

Ол мұндай жоғары дәрежеге жету қиын екенін мойындады. Айтуынша, бұл көп еңбекті қажет етеді.

"Мен Қытайға алғаш келгенде Пәкістаннан келген бір жігіт осы атаққа ие болды. Сол кезде мен қазақстандық студенттерден мұндай сыйлықты ешкім алмағанын білдім, екі жылдан кейін міндетті түрде бірінші боламын деп ойладым. Бұл бүкіл қазақ халқының жеңісі. Туған жеріме рахмет!"- деді Ниязбекова.

Айтуынша, оның мұғалімі оған сыйақыға өзін ұсынуға кеңес бергенін айтты. Университеттен елдегі үздік студент атағына жеті адам ұсынылды, олардың екеуі – қазақстандық және Бангладеш студенті жеңіске жетті.