Қазақстандық қыз Оксфорд университетінде оқытушы атанды

0
136

Меруерт 2025 жылы докторантураға түскен Oxford University-де teaching fellow, яғни оқытушы-зерттеуші қызметіне тағайындалды.


Қазақстандық қыз Оксфорд университетінде оқытушы атанды

Ulysmedia.kz коллажы

ERNUR.KZ. Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Меруерт Бижанова Оксфорд университетінде оқытушылық қызметін бастады, деп жазады ulysmedia.kz.

Меруерт 2025 жылы докторантураға түскен Oxford University-де teaching fellow, яғни оқытушы-зерттеуші қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол University of Pennsylvania университетін тәмамдаған. Енді Меруерт ғылыми зерттеулер жүргізіп, дәріс оқиды. Ол бұл жетістігін өз еңбегіне берілген жоғары баға деп санайды.

Айта кетейік, 2025 жылы оқуын аяқтаған соң Меруерт Penn Global Student Citizenship Award марапатына ие болды. Бұл — Пенсильвания университетіндегі шетелдік студенттерге берілетін ең жоғары сыйлық. 284 жылдық тарихы бар UPenn университетінде бұл марапат алғаш рет Қазақстаннан шыққан студентке табысталған.