Қазақстандық маман қарлығаш ұясын қорғау үшін жұмысынан шығып кетті

0
153

Ерекше жағдай қоғам назарын аудартты.


Қазақстандық маман қарлығаш ұясын қорғау үшін жұмысынан шығып кетті

Фото: freepik.com

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында "ҚазТрансГаз" учаскесінде Асқар есімді маман қарлығаш ұясын қорғау үшін жұмысынан шығып кетті. Ол өзіне берілген тапсырманы құсты қорғау үшін орындамаған, деп жазады stan.kz.

Ерекше жағдай қоғам назарын аудартты. Жүк тиегіш оператор Асқарға 30 маусым күні траншеяны топырақпен көму тапсырылған. Бұл траншея газ құбырын тартуға арналған еді. Алайда ол жұмысты бастаған сәтте ішінде ұя салып, балапан өргізіп отырған бірнеше қарлығаштарды көріп қалады. Ұяларды қирата алмаған Асқар жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады.

"Мен оларды басып кете алмадым. Олар да тіршілік иесі. Олар да біз секілді өмір сүріп жатыр", – деді Асқар.

Ол өзінің бұл әрекеті жұмыс берушіге ұнамайтынын түсініп, ақыры 30 маусымда өз еркімен жұмыстан кету туралы шешім қабылдайды.

Алайда көп ұзамай Асқардың табиғатты қорғауға деген ұмтылысы жеткіліксіз болып шықты. Айтуынша, өзінің орнына келген басқа жұмысшылар траншеяны жауып тастаған. Сол арқылы құс ұялары жойылған.

"Бұл маған үлкен соққы болды. Ұзақ уақыт бойы өзімді кінәлі сезіндім. Ақыры денсаулығым сыр беріп, ауырып қалдым", – деп қосты ол.