Қазақстандық мектептерде жаңа пән қосу ұсынылды

0
114

Мектептерге «Кәсіпкерлік» пәнін енгізу идеясы ұсынылды.


Қазақстандық мектептерде жаңа пән қосу ұсынылды

Ulysmedia.kz коллажы

ERNUR.KZ. Қазақстанда мектеп бағдарламасына «Кәсіпкерлік» пәнін енгізу ұсынылып отыр, деп жазады ulysmedia.kz.

digitalbusiness.kz мәліметінше, балаларды бизнес жүргізудің негіздеріне ерте жастан үйрету идеясын «Даму» қорының басшысы Фархат Сәрсекеев көтерген.

Оның айтуынша, қазіргі таңда шағын және орта бизнес ел экономикасының шамамен 40 пайызын құрайды. Ал тіркелген кәсіпкерлер саны 2,3 миллионнан асып кеткен.

— Біз мектептерге «Кәсіпкерлік» пәнін енгізу идеясын ұсынып отырмыз. Балаларды бизнестің негіздеріне мектеп қабырғасынан бастап үйрету қажет деп санаймыз. Бұл бағытты қордың даму стратегиясына енгізу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Балаларды тек жалдамалы қызметкер болуға емес, кәсіпкерлік ойлауға да баулу маңызды, — деді ол.