Қазақстандық мұғалім беделді әлемдік сыйлыққа ие болды

0
106

Байқау әлемнің әртүрлі елдерінен келген педагогтердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.


Қазақстандық мұғалім беделді әлемдік сыйлыққа ие болды

Сурет: gov.kz

ERNUR.KZ. Павлодар облысындағы Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледждің арнайы пәндер оқытушысы Гүлмира Мешітбаева халықаралық ETF New Learning Award 2026 кәсіби байқауында беделді INSPIRATION AWARD сыйлығын жеңіп алды, деп жазады zakon.kz

ETF New Learning Award – білім беру саласындағы озық тәжірибелерді анықтауға және таратуға бағытталған халықаралық бастама. Байқау әлемнің әртүрлі елдерінен келген педагогтердің тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Гүлмира Мешітбаева байқауға "Бастауыш білім беру" мамандығы студенттерін даярлауда қолданылатын SCAFFOLD карталары бойынша тәжірибесін ұсынды.

Бұл әдістеме студенттердің цифрлық технологияларды тиімді пайдалануына жол ашты. Нәтижесінде олар бейнематериалдар мен түрлі деңгейдегі тапсырмаларды қамтитын білім беру жобалары мен сайттарын әзірледі.

Осылайша, халықаралық сарапшылар қазақстандық педагогтің тәжірибесін жоғары бағалады.

Нәтижесінде жұмыс "Scaffold құралдарын пайдалану арқылы мұғалімдердің мүмкіндіктерін кеңейту" номинациясында INSPIRATION AWARD сыйлығына лайық деп танылды. Гүлмира Мешітбаеваға өз тәжірибесін Бельгияның Брюссель қаласында өтетін халықаралық конференцияда таныстыру мүмкіндігі берілді.