Қазақстандық сейсмологтар тағы да жер сілкінісін тіркеді

0
657

Жер сілкінісі 2024 жылдың 23 қаңтарында сағат 13 сағат, 19 мин. 16 сек. Алматы уақытымен тіркелді.


Қазақстандық сейсмологтар тағы да жер сілкінісін тіркеді

ERNUR.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі кезекті жер сілкінісін тіркеді. Оның кіндігі Алматыдан оңтүстікке қарай 263 шақырым жерде орналасқан, деп жазады zakon.kz.

Жер сілкінісі 2024 жылдың 23 қаңтарында сағат 13 сағат, 19 мин. 16 сек. Алматы уақытымен тіркелді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 263 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан... Байқау қабілеті туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан аумағында сезіну жоқ", - делінген хабарламада.

"Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС мәліметтері бойынша:

  • жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,5;
  • магнитудасы MPV – 4,5;
  • Эпицентр координаттары – 41,15° солтүстік. 78,48° E;
  • тереңдігі – 5 км.

2024 жылдың 23 қаңтарына қараған түні Алматыда жер сілкінісі болды. Алматы тұрғындары сезінген дүмпу бес баллға жетті. Шымкентте ауытқу екі баллды құрады. Кейін қазақстандық сейсмологтар Алматы маңында тағы бірнеше жер сілкінісін тіркеді. Сол күні сағат 10:01-де Алматыда тағы да жер сілкінісі болды.