Қазақстандық танымал адвокат ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаянды сотқа берді

0
738

Құқық қорғаушы жауапкер шетелдік болса да, қазақстандық сотқа жүгіне беруге болатынын түсіндірді.


Қазақстандық танымал адвокат ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаянды сотқа берді

ERNUR.KZ. Қазақстандық танымал адвокат Жангелді Сүлейманов Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына ресейлік режиссер әрі тележүргізуші Тигран Кеосаянның үстінен шағым түсірді, деп жазады Azattyq Ruhy.

Құқық қорғаушы өзінің шешімі турасында Facebook-парақшасында мәлімдей отырып, жауапкер шетелдік болса да, қазақстандық сотқа жүгінуге болатынын түсіндірді.

«Кеосаянның бүкіл халқымызға тіл тигізгені сөзсіз. Осы мәселеге қатысты берік ұстанымы үшін Сыртқы істер министрлігіне рахмет айтқым келеді. Дегенмен қазақтар да жауап беруі тиіс. Заң бойынша мұндай жағдайларда жауапкер шетелдік болса да, өзіміздің қазақстандық сотқа талап арыз беруге болады. Мен кеше Алматы қаласының Алмалы аудандық сотына сондай шағым түсірдім. Мен соттан Кеосаянның YouTube арнасында қателескені туралы жаңа видеосын жариялауын сұраймын. Одан артық ештеңе керек емес», - деп жазды Жангелді Сүлейманов.

Сондай-ақ авдокат өз жазбасында Кеосаянның YouTube интернет-каналында 24 сәуірде айтқан сөздерінен үзінді жариялаған.

«Қазақтар, бауырларым-ау, бұл не деген жөнсіздік өзі? Сендер шынымен де Ресей жоқ болып кетеді деп сенесіңдер ме? Әлде Марсқа ұшып, немесе басқа жаққа ауып кетеді дейсіңдер ме? Мен Ресей Федерациясының азаматы Тигран Эдмондович Кеосаянның жеке пікірін айтып отырмын. Украинаға мұқият қарап, жақсылап ойланыңдар. Біздің жауапты тұлғалар да қарым-қатынас деңгейін қайта қарастыруы керек шығар деген ойдамын. Өйткені, қалқатайларым, егер бұдан ары да қулығымызды асырып жүре береміз және ол үшін ештеңе болмайды деп ойласаңдар, қателесесіңдер. Әлем өзгерді, бәрі де өзгерді. Ал пойыз кетіп барады. Сендер әлі соңғы вагонға секіріп үлгересіңдер... Бірақ дәл бұлай бұлғаңдап енді жүре алмайсыңдар. Мен солай екеніне сенемін, өйткені достық ойыны аяқталды. Ендігі мәселе аман қалу турасында болмақ», - деп доқ көрсеткен еді Кеосаян өз видеосында.

Еске салсақ, 24 маусымда Кеосаянның осы мәлімдемесіне орай ҚР Сыртқы істер министрлігі реакция білдірді. Ведомство өкілі Айбек Смадияров Тигран Кеосаянның Қазақстанға «жағымсыз» түлғалар тізіміне енуі ықтимал екенін атап өтті. Сондай-ақ ҚазТаг агенттігінің мәліметінше, Кеосаянға нон-грант мәртебесін беріліп, Қазақстанға келуіне тыйым салынғандар тізіміне енгені мәлім болды. Алайда Тигран Кеосаян өзінің Қазақстанға кіруіне тыйым салынуына қатысты жағдайға әзілмен қарайтынын айтып, «Бұл күлкілі жағдай. Мен міндетті түрде Қазақстанға келемін. Ол үшін мен Қазақстан билігінен рұқсат сұрамаймын. Менің туған Қазақстаныма, өзім өсіп-өнген кеңестік Қазақстаныма оралатын сәт міндетті түрде туады» деп мысқылдап жауап берген болатын.