Қазақстандық цирк артисі халықаралық фестивальде Күміс тәж жеңіп алды

0
93

Даяна Жетпісова Саратовта өткен "Цирк ханшайымы" фестивалінде 14 ел қатысқан байқауда жүлдегер атанды.


Қазақстандық цирк артисі халықаралық фестивальде Күміс тәж жеңіп алды

Фото: Almaty_akimdigi Telegram

ERNUR.KZ. Қазақ мемлекеттік циркінің артисі Даяна Жетпісова Ресей Федерациясының Саратов қаласында өткен XII Халықаралық цирк өнері "Цирк ханшайымы" фестивалінде Күміс тәж иегері атанды, деп жазады inbusiness.kz.

"Цирк ханшайымы" фестивалі әлемнің әртүрлі елдерінен келген үздік әйел цирк артистерін біріктіретін беделді халықаралық өнер алаңы болып саналады. Биылғы байқауға 14 елдің өкілдері қатысып, цирк өнерінің түрлі жанрлары бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

Даяна Жетпісова фестиваль барысында жоғары кәсіби деңгейін танытып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде ол Күміс тәж жүлдесін жеңіп алып, Қазақстанның цирк өнерін халықаралық деңгейде танытты.