"Бурундайавиа" АҚ ұшқышы Түркияның Измир қаласына орман өртін сөндіру үшін іссапармен барғаны белгілі болды.
ERNUR.KZ. Измирде қазақстандық "Бурундайавиа" АҚ компаниясының ұшқышы кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Марқұмды Одессаға жеткізу шығыны қазақстандық сақтандыру компаниясының есебінен жүзге асырылды, деп жазады sputniknews.kz.
Ұшқыш Түркияның Измир қаласында орман өртін сөндіру үшін іссапармен барған. Алайда, қонақүй бөлмесінде жүрегі тоқтап, қайтыс болған. Оның шетелге шығатын азаматтар үшін сақтандыру полисі бар болып шықты.
"Қазан айында GVA сервистік компаниясынан сақтандырылған пилотты Одесса (Украина) қаласына 1,8 миллион теңге көлемінде елге жеткізуге құжаттар қабылданды. Бұл жағдайда ең жоғары басымдыққа ие тиімділік болғандықтан төлемді сақтандыру компаниясы жүзеге асырды", – деді "Евразия" СК" АҚ сақтандыру төлемдерін бақылау департаментінің директоры Юрий Славкин.