Қазақстандық жастар оқуын бітірген соң 3 жыл ауылда жұмыс істейді

0
1 255

Бұл туралы Қаулы премьер-министрдің ресми сайтында жарияланды.


Қазақстандық жастар оқуын бітірген соң 3 жыл ауылда жұмыс істейді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Енді педагогика, медицина, ветеринария және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квотамен білім алған ауыл жастары оқуын бітірген соң үш жыл ауылда жұмыс істеуге міндеттелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қаулы премьер-министрдің ресми сайтында жарияланды.

«Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алғаназаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және «Білім беругрантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысынөтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және «Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 531-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын (бұдан әрі – ЖОО) бітіргеннен кейін кемінде үш жыл ауылдық жерде орналасқан тиісінше мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде, мемлекеттік ветеринария ұйымдарында және меншік нысанына қарамастан, аграрлық бейіндегі ұйымдарда жұмысын өтейді.»;

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Заңда көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндет:

1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің орындалуына байланысты;

2) тиісті құжаттармен расталған, білім алушының (жас маманның, философия докторының (РhD)) қайтыс болуына байланысты;

3) жұмысты өтеу мерзімі кезінде I және II топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;

4) Заңда және осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайларда жұмысты өтеу жөніндегі міндетінен босатылуына байланысты бюджет қаражаты есебінен жұмсалған оқытумен байланысты шығыстар қайтарылмай тоқтатылады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", делінген жарияланған Қаулыда.